Домой Жаңалықтар Елордамызда қайырымдылық кеші өтті

Елордамызда қайырымдылық кеші өтті

Елордамызда қайырымдылық кеші өтті

Елордамызда қайырымдылық кеші өтті

Қазақстанда инклюзивті қоғам қалыптасып келеді. «Бейбіт елдің өнерлі ұрпағы» атты шығармашылық байқау бұған дәлел.  «Қолғанат» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен шарада мүмкіндігі шектеулі балалар мен он екі мүшесі сау балалар бір сахнада өнер көрсетті. Байқауға Астана қаласының «SOS» ауылының тәрбиеленушілері, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан таланттар қатысты.

Қазылар алқасының мүшелері Индира Расылxан, Айбек Бекболсын, Ибрагим Ескендір, Нұрболған Шарапов, Батыр Әмір қатысушылардың өнерін бағалады.

n8XOyP0PxNw

Байқау нәтижесі бойынша Дінмұxаммед, Мақпал Жылқайдаровтар 3-ші орынға, Семей облысынан келген Ерасыл Тұрсынбек 2-ші орынға, Елубаев Әділет 1-ші орынға ие болды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталды. Кеш соңында әнші Ибрагим Ескендір балақайларды «Думан» ойын — сауық орталығына ойнатуға апарамын деп уәде етті.

Аталмыш шара Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының қолдауымен  ұйымдастырылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here