Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шаңырақ» студенттер театрының реперуарына жаңа қойылым қосылды. Ол талантты режиссер, драматург Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» атты психологиялық драмасы. Қойылымда қазіргі таңда өзекті — баспана мәселесі, ағайын арасындағы қарым-қатынас көрсетіледі. Оқиға бір отбасының төңірегінде өрбіп, сан түрлі мінез-құлық иелерінің образын ашады. Спектакльдің қоюшы-режиссері Жамбыл Тілепов.
Бұған дейін «Шаңырақ» театры «Желсіз түнде жарық ай», «Тіл табсқандар», «Мұқағали», ағылшын тілінде қойылған «Мұңмен алысқан адам», «Ғашықтар хикаясы» атты спектакльдерді сахналаған.
Пьесаны тамашалауға студенттер, театртанушы Нәзерке Жұмабай келді.
Спектакль көрерменге отбасылық құндылықтар, ананың алдындағы перзенттік парыз, жақын жандардың бір-бірін түсінуге талпыну туралы ой салады. Сондықтан да жастар үшін үлгі боларлық қойылым болды.