Домой Жаңалықтар Қазақстанда бизнес жүргізудің жайлылығы қандай? Питер Друкер рейтингісі.

Қазақстанда бизнес жүргізудің жайлылығы қандай? Питер Друкер рейтингісі.

0
Қазақстанда бизнес жүргізудің жайлылығы қандай? Питер Друкер рейтингісі.

Қазақстанда бизнес жүргізудің жайлылығы қандай? Питер Друкер рейтингісі.

ХХ ғасырда бизнестің дамуына Питер Друкер сияқты ешбір адам елеулі ықпал еткен жоқ деген пікір бар.

Экономистер кəсіптің пайдасын максималдау туралы айтады. Негізінде, пайданы дамытуға мүмкіндіктерді максималдау туралы айтқан дұрысырақ болар. Друкер алғашқылардың бірі болып мүмкіндіктер (opportunity) ұғымын енгізген екен.

Қазақстанда бизнесті дамытуға мүмкіндік қандай?

Дүниежүзілік Банк WB жəне Халықаралық Қаржылық Корпорация IFC 2002 жылы Doing Business рейтінгісін жариялағанда 7 индикатор бойынша есептейтін. Қазір бизнес жүргізудің жайлылығын есептейтін бұл рейтинг 10 индикатор бойынша 189 мемлекет арасында жүргізіледі. Қорытынды бойынша 10 күз қатарынан бизнес жүргізуге ең қолайлы мемлекет Сингапур болып саналып келеді. Ондықты Жаңа Зеландия, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Ұлыбритания, АҚШ, Норвегия жəне Финляндия елдері бастап келеді.

Doing Business — 2009 жылы есептеу методикасын өзгертіп, 10 индикатор бойынша есептегенде Қазақстан 72-орында тұрды. Doing Business — 2015 бойынша 53 — орында тұрды (яғни, бұл 2014 жылы жүргізілген зерттеу, 2015жылы жарияланып отыр). Doing Business — 2016 жариялағанда Қазақстан 12 позицияға көтерілгенін көруімізге болады.

Қазір Қазақстан 189 елдің ішінен бизнес жүргізу жайлылығы жөнінен 41 — орында!
Сонымен, Қазақстанның DB-2015 -> DB-2016 қорытындысына негізделген индикатор тізімін жариялаймыз.

Кəсіпорынды тіркеу 53-орын -> 21-орын
Құрылыс жүргізуге рұқсат алу 100 -> 82
Электрмен қамтамасыз ету желісіне қосылу 68 -> 71
Меншікті тіркеу 25 -> 19
Несие алу 71 -> 70
Миноритардық инвесторларды қорғау 64 -> 25
Салық салу 17 -> 18
Халықаралық Сауда 121 -> 122
Келісім шарттарды орындауды қамтамасыз ету 14 -> 9
Төлемқабілетсіздік мəселесін шешу 63 -> 47

Келісім шарттарды орындауда қамтамасыз етуден, салықтар салыстырмалы түрде арзан, кəсіпорынды тіркеу оңай болғанымен, халықаралық саудада əлсіздігіміз бар. Яғни, бизнесті жүргізу үшін мемлекетімізде барлық жағдай жасалған.

Əдетте, 189 елде рейтинг бір қала бойынша есептеледі. Қазақстан үшін сондай қала- Алматы.

Автор: Сымбат Пернебек

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here