Домой Жаңалықтар Қоғам «Қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы діни ахуал: жағдайы мен қауып-қатерлер» атты семинар өтті

«Қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы діни ахуал: жағдайы мен қауып-қатерлер» атты семинар өтті

«Қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы діни ахуал: жағдайы мен қауып-қатерлер» атты семинар өтті

"Қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы діни ахуал: жағдайы мен қауып-қатерлер" атты семинар өттіБүгін «Қазақ гуманитарлық заң университеті» студенттері арасында «Ұлағат» мәдениет және даму қорының ұйымдастыруымен, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасы мен интерактивті дәріс өткізілді. Интерактивті дәрістің тақырыбы: «Қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы діни ахуал: жағдайы мен қауып-қатерлер». Тыңдаушылар қатарында 1-2 курс студенттері қатысты.

Интерактивті дәрістің басты міндеттері:

 — Мемлекет және дін қатынастары бойынша діни-құқықтық түсіндірмелер жүрігізу.

— Жастар арасында жиі туындайтын дінтану және теологиялық сұрақтарға мамандар тарапынан толыққанды жауап алуына жағдай туғызу.

— Жастардың отансүйгіштік түсінігін дамыту арқылы экстремизм идеологиясының жастар арасында таралуының алдын алу және радикалды топтардың қаупінен құтылуына ықпал ету  т.б.

      Лекторлар — Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық топ мүшелері болды.

 1. «Ұлағат» Мәдениет және даму қорының атқарушы директоры Жумакасова Камажан Габдрашевна

2. ҚР мәдениет және спорт министрлігі Дін істері Комитетінің «Мәдениет және діндердің халықаралық орталығы»; аналитикалық жұмыстар бөлімінің басшысы Диляра Дарібаева.

3.  «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев

Лекторлар радикалдық идеологияның жастар арасында таралуының алдын алу мәселесінің құқықтық және заңнамалық тұстарынан баяндады және Астана қаласындағы соңғы жылдардағы діни ахуалға сілтеме жасай отырып, тиісті ақпараттарды ресми дерек көздерінен алудың маңызын атап өтті. Білім мен ғылымды игеру әрбір жастың басты мақсаты болуы – кез келген жат пиғылды идеологиялардың алдын алуға тосқауыл екендігіне басты назар аударылды.

Студенттер тарапынан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаевқа көптеген сұрақтар қойылды. Соның ішінде, Сирия сияқты шет елдердегі қақтығыс алаңдарына жастардың аттанып кетулерінің басты себептері, «Асыл Арна» арнасына қатысты сұрақтар, әлеуметтік желілердегі діни сұрақтарға қатысты уағыздардың қайсысы шынайы дерек көзі екендігіне, басқа да аудио-, видеоматериалдар және олардың авторлары үкімет және ҚМДБ тарапынан құптау алған ба? деген көптеген түйіткіл сұрақтар ортаға салынды. Қойылған сұрақтардың барлығына сапалы әрі түсінікті жауап берілді. Дәріс аяқталғаннан кейін де, кейбір студенттер жеке қалып сұрақтарын қойды.

Кездесу аяғында, бір топ студенттер ұйымдастырушыларға осындай ақпараттар алатын дәрістер жиі болса, сұрақтарға жауап беретін дәріскерлер бүгінгідей сападағы мамандар болса деген тілек-талаптарын жолдады. Интерактивті дәріс жоғарғы деңгейде және қызықты да мазмұнды өтті.

zhastar.astana.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here