Домой Жаңалықтар Қоғам Астанада ҚР Ұлттық Банкінің тұңғыш төрағасы жастармен кездесті (фото)

Астанада ҚР Ұлттық Банкінің тұңғыш төрағасы жастармен кездесті (фото)

0
Астанада ҚР Ұлттық Банкінің тұңғыш төрағасы жастармен кездесті (фото)

news_photo_2514Бүгін Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алғашқы төрағасы, қаржыгер, экономист Байназаров Ғалым Байназарұлының жастармен кездесуі өтті.

Кездесудің басты мақсаты – Тәуелсіздігімізді алған 25 жыл ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктері, атқарылған іс-шаралар жайында кейінгі жас ұрпаққа жеткізу. Оған қоса, қиын –қыстау кезінде қандай іс-әрекеттер жүзеге асты, соның куәгері болған тұлғамен әңгімелесіп, жастардың бойында жауапты азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру.

Ұлттық валютамыздың кіндік әкесі атанған Ғалым мырза сөз барысында басынан өткен қиыншылықтарды да әңгімелеп берді.

«Еліміздің қаржы моделін ең алғашқы болып жасағандықтан, бізді үйрететін, бізге жол сілтейтін адам болған жоқ. Алғашқылардың жолы қашанда ауыр. Иә, қателік те кетті. Бірақ олардың барлығын дұрыстауға болады. Сол кездері саясат, қаржы, эконмика барлық дерлік салада бір жанталас болып жатқан еді. Барлығын да тез, әрі еліміз үшін ұтымды жасауымыз керек еді»- деді Ұлттық банктің алғашқы төрағасы.

Осылайша тәуелсіздік алған жылдардағы қиын-қыстау кезеңдер туралы айта келіп: Біздің командада тек қана еңбекқор, шығармашыл жастар жұмыс жасады. Олардың жұмыс күні 12-16 сағатқа дейін жалғасатын. Қазір сол жастардың көбі өзінің жеке банкін басқарады, қаржы саласында біраз жетістіктерге жетті. Міне солардың арқасында, біз қиын — қыстау кезеңнен сүрінбей өттік» өзінің әріптестері жайында деп ілтипатпен еске алды.

Кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» жобасы аясында өткізілді.

news_photo_2515

news_photo_2516

news_photo_2517

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here