Домой Жаңалықтар Қоғам Қала тұрғындарына діни ағымдар туралы дәріс оқылды

Қала тұрғындарына діни ағымдар туралы дәріс оқылды

0
Қала тұрғындарына діни ағымдар туралы дәріс оқылды

28 сәуір күні Астана қаласының Есіл ауданы әкімдігіндігі ғимаратында  осы ауданға қарасты тұрғындар арасында Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ұлағат» мәдениет және даму қоры дәріс өткізді. «Дәстүрлі емес діни ағымдардың ұлттық құндылықтармен қайшылықтары» деген тақырыпта өткен дәріске «Есіл» ауданы ПИК, сауда ойын-сауық орталықтары, бизнес-орталықтарының өкілдері, мемлекеттік органдарының (Жергілікті полиция қызметі, ҰҚК, прокуратура қызметкерлері) өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәрістің мақсаты — Мемлекет және дін қатынастары бойынша діни-құқықтық түсіндірмелер жүргізіп, жастар арасында жиі туындайтын дінтану және теологиялық сұрақтарға мамандар тарапынан толыққанды жауап алуына жағдай туғызу. Сонымен қатар, жастардың отансүйгіштік түсінігін дамыту арқылы экстремизм идеологиясының жастар арасында таралуының алдын алу және радикалды топтардың қаупінен құтылуына ықпал ету болып табылады.

Ал дәрісті Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық топ мүшелері ретінде, Астана қаласының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Ұлағат» Мәдениет және даму қорының атқарушы директоры Жумакасова Камажан Габдрашевна және Астана қаласының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Әзірет сұлтан» мешітінің наиб имамы Өткелбаев Бақытжан жүргізді.

Лекторлар радикалдық идеологияның жастар арасында таралуының алдын алу мәселесінің құқықтық және заңнамалық тұстарынан баяндады және Астана қаласындағы соңғы жылдардағы діни ахуалға сілтеме жасай отырып, тиісті ақпараттарды ресми дерек көздерінен алудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар жиынға қатысушы тұрғындар тарапынан лекторларға сұрақтар қойылып, оларға тиянақты жауаптар алынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here