Егер сіз әр 5 минут сайын телефонға телміріп, гаджетіңіздің болмай қалу ықтималдылығының өзі сізді қорқытатын болса, мына мақала сіз үшін. Мұнда жаман әдетіңізді нысаналап, одан құтылудың жолдарымен танысасыз.
Checky
Бұл әдеттен арылу үшін алдымен, сіз оны толық зерттеп алуыңыз керек. Checky осы орайда сізге көмектеседі. Бағдарлама сізге оңай демей, қиын демей-ақ сұрақтарға жауап береді. Мысалы, сіз телефоныңызды неше рет ашасыз? Міне, осы тұстан сізде телефонға тәуелділікпен күресу басталады.
Quality Time
Смартфондық әдеттерден арылудың мықты жолын іздесеңіз, Quality Time бағдарламасынан артығы жоқ. Телефонға кеткен уақытты дәл есептеп, әр басылған бағдарламаның статистикасын жасап отырады. Қосымша, Quality Time «үнсіздік уақытын» жасап бере алады. Ол уақытта телефон сізді мазаламайды. Ал, егер телефоныңыздан сонда да алыс кете алмасаңыз, Quality Time арқылы оны бірнеше уақытқа өшіріп қойыңыз.
Forest
Бағдарлама телефоннан аулақ жүруге, жұмысыңызды алаңдамай жасауға көмектеседі. Әрі мүны ойын түрінде жүргізеді. Телефонды қолданбаған әр 30 минут сайын, бағдарлама телефонның экранына 1 ағаш өсіріп шығарады. Соңында, нәтижені ашып қарайсыз, бақшаңызда биік, әдемі ағаштар тұрса, жарадыңыз. Егер, Forest сізге тек жартылай кеуіп кеткен бұталарды көрсетсе, сіз телефонынан бір минут та ажырай алмайтын жігерсіз жан болғаныңыз.
BreakFree
Жаман әдеттен арылудың емін көрсете алатын бағдарлама. Бағдарламаны орнатып алғаннан кейін, біраз уақыт ақпарат жинайды. Аддикцияңыздың коэффиценті шыққаннан соң, телефонды бірнеше уақытқа жоспарлы өшіріп қоюдың әдістері ұсынылады.
App Detox
Бағдарлама мәселеге жоғарыдағылардан өзгеше қарайды. Бұған дейін басқалары телефоныңызды барынша аңдып отырса, бұл бағдарлама барынша уақытыңызды көп алатын бағдарламаны зертейді. Мәселен, Facebook, Twitter сіздің зейініңіз бен уақытыңызды алып жүрген болса, App Detox мәселені осы тұста шешуге тырысады.
Бағдарламалар Play Market арқылы жүктеледі.
Сіз қаншалықты тәуелдісіз? Емделетін кез келді деп ойламайсыз ба?
Автор: Бағила Ағайдар