Ғаламторда бəрі бар. Бірақ, барлық мүмкіндікті пайдаланып, барлық ақпаратты қарай алатындар аз. Іздеу салған кезде, басында шығарып берген 1-2 сайтты ашып қарап тоқтап қалмаңыз. Әр түрлі жолдармен іздеп көріңіз. Бүгін мен Google-де қалай дұрыс гуглдаудың əдістерін айтайық.
1. Нақты сөзді жазыңыз. Тырнақшаға алу арқылы сөзді іздеп көріңіз. Мысалы: «қорғаныс».
2. Бірнеше сөздерін білмейтін дәйексөзді тауып көрейік. Тырнақшаға аласыз, дәйексөзді жазасыз, белгісіз сөздің орнына * белгісін қоясыз. Мысалы: » жаңбырменен * көгерер».
3. Бірнеше сөзді бірден іздеп қарау. Ол үшін әр сөздің арасына / белгісін қойып іздейсіз. Мысалы: адам/табиғат/көлік
4. Сөйлемді іздеу, Мәселен, сіз сөйлемді толық жатқа білмейсіз. Бірақ, ондағы кездесетін бірнеше сөздерді жаттап қалдыңыз делік. & белгісін қою арқылы, білетін сөздеріңізді жазып, іздеп көріңіз.
Мысалы: «Флора мен фауна & маңызды».
5. Қажет емес сөздерді шығарып тастау. Өте пайдалы әдіс. Іздеу салған кезде, сізге керек емес ақпараттар да атып шағады. Соның алдын алу үшін іздейтін сөзіңізді жазасыз, керек емес деген сөзді «–» белгісі арқылы жанына жазасыз. Мысалы, опера -театр.
6. Ақпаратты анық сайттан іздейміз. Сайттың атын білетін болсаңыз, іздейтін сөзіңізді, сосын «:» арқылы сайтты жазасыз. Мысалы, Сұлулық зертханасы:www.jas.kz деген сияқты.
7. Құжатты типіне қарай іздеңіз. Ақпаратты табу оңайлайды. Pdf,doc т.б. құжат түрін жазып, тауып алсаңыз болады.
8. Қай тілде екенін таңдаңыз. Көп жағдайда біздер үшін орыс тілді сайттардың ақпараттары ғана шығады. тілдік типін таңдау үшін іздейтін сөзден кейін «:» қойып, ru, kz деп өзіңіз қалаған тілді жазасыз.
Сəттілік!
Бағила Ағайдар