17 мамырда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің ең жас депутаты Генадий Шиповских жастармен кездесуінде Тәуелсіздік жылдарында Сексеуіл ауылының жетім баласы халық қалауымен атағына қалайша қол жеткізгенін талқылады, деп хабарлайды қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.
Шараның мақсаты – жастарда патриотизм сезімдері мен жауапты азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, оларға рухани- адамгершілік тәрбие беру.
Кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» жобасы аясында өткізілді.
Шара аясында Генадий Шиповских өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, Қызылорда локоматив жөндеу депосында машинист көмекшісі ретінде жұмыс жолын бастағанын, Парламент Мәжілісінде жұмысшы табының мүдделерін қорғайтынын және де қазақ тілін деген ерекше ілтипаты жайлы баяндап берді.
«Мен өте бақыттымын!».
« Неге деп сұрайсыздар ғой? Мен өзімді орыс деп санамаймын. Бала бақша кезімнен қазақ тілі ғана болған. Сондықтан қазақ тілі маған жанымдай жақын.Алты жастан ғана мен орыс тілін үйрендім. Мен қазақпын деп сеніммен айта аламын, 80 пайыз ағылшын тілін және екі тілді анық атқарамын» — деп айтты шара аяғында Генадий Шиповских.
Жастар аңызға айналған жас депутаттың әңгімелерін қызығып тыңдады.Шиповских Генадиймен кездесуі жастарға ұмтылмас әсер қалдырды. Жастар сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алумен қатар болашақтағы игі істері үшін жақсы уәждеме ынталанды.
Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатымен ұйымдастырылды.