Бүгін, яғни 5 мамыр күні Jas.kz сайты Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жеңіс күніне» орай әлеуметтік желілерде акция жариялайды.
Акция екі тақырып бойынша өткізіледі. Біріншісі 9 мамырға арнап кез-келген фото-сурет байқауы (бұған Ұлы Отан соғысына арнап салынған суреттер, фотосуреттер, графикалық дизайндар кіреді), екіншісі ҰОС-на қатысқан жақын туыстары туралы хикаялар жазу.
Байқау талаптары:
- Байқауға қатысқан материалдар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы;
- фотосуреттер мен жазбалар әлеуметтік желілерде жариялау;
- Бөлісу мен лайктар саны көбірек болуы тиіс;
- #жеңіскүні #jaskz хештегін пайдалану;
Байқаудың мақсаты — осы акцияны пайдалана отырып, жастардың Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер алып, соғыс ардагерлерінің еңбектерімен танысуына жағдай жасау. Сонымен қатар, Жеңіс күні туралы барынша насихаттап, ғаламтор қолданушыларының назарына ұсыну.
Байқау жеңімпаздары Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының арнайы «Алғыс хатымен» және сыйлығымен марапатталады.
Барша әлеуметтік желі қолданушыларын акцияға қатысуға шақырамыз.