2016 жылғы көктем мен күз мезгілдеріне сән сарапшылары кеңес еткен киім үлгілерін назарларыңызға ұсынамыз:
- Кең пальто. Осы жылы бұл киімнің барлық түрі сәнде: ашық, жабық, торлы және жолақты. Мұндай пальто үлгілерін бір түсті киіммен киген дұрыс.
- Плащ. Жаңбырлы немесе ашық күнде кие беруге болатын элемент. Тек оның астынан басқа киім көрінбегенін қадағалаңыз.
- Шілтері көйлек немесе костюм — 2016 жылдың көктемінің фавориті. Ең бастысы, әдемі аксессуар таңдағанда қателеспегініңіз абзал.
- Қарапайым пиджак. Әр түрлі матадан тігілген және әр түрлі фасондағы пиджактар. Сәнді пиджакты қай киіммен кисеңіз де өз еркіңіз.
- Жейде. Денеде бос тұратын қарапайым және ашық модельдегі жейделер мен блузкалар трендте.
- Ыңғайлы шалбар. Кең шалбар тырысып тұратын шалбарды тағы да алмастыруда. Ол классикалық бола дыма, спорттық болады ма, маңызды емес. Ең бастысы — ыңғайлылық. Бұларды жеңі шынтаққа дейін жететін жейделермен немесе блузкалармен киген дұрыс.
- Былғары белдемше. Мұның да кез келген түрі сәнде. Оны қысқа күртемен және ұзын етікпен киген дұрыс.
- Ашық етіктер. Тізеге дейін жабық және аяқ саусақтары мен өкшесі ашық етіктер. Ұзындығы тізеге дейін жететін кез келген киіммен киюге болады.
- Белдік. Сәнді бейнені толықтыру үшін ашық түстісін таңдаған дұрыс.
- Ауқымды алқа. Мұндай алқа белдікпен жарасымды болмақ. Ұзындығы белге дейін болса да жақсы. Ел назары бірден алқаға түсетін болғандықтан, киіміңіз қарапайым болғаны жөн.
Назерке Сүлен