12 мамырда сағат 10:00-13:00 дейін Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы «Astana Mall» сауда, ойын-сауық орталығында «Барлығы үшін еңбек» атты Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шара барысында жұмыс іздеушілер әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта оқыту мен жаңа мамандықты меңгеру мүмкіндігі туралы ақпарат алады.
Қызмет көрсету, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үйлер, автопарктер, ішкі істер органдары саласындағы 25-тен артық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.