Домой Жаңалықтар Қоғам Елордада ашық мәліметтер интернет-порталы іске қосылды

Елордада ашық мәліметтер интернет-порталы іске қосылды

Елордада ашық мәліметтер интернет-порталы іске қосылды

Елордада ашық мәліметтер интернет-порталы іске қосылдыАстана қаласының Қоғамдық кеңес отырысы барысында ашық мәліметтер интернет-порталында жарияланатын ақпараттар тізімі талқыланды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімі аппаратының орынбасары Әлнұр Сейдумановтың хабарлауынша, жыл сайын мемлекеттік органдар қаланың тыныс-тіршілігінің түрлі салаларында ақпараттың көп көлемін жинайды, бұл ақпарат интернетте жариялануы тиіс және кез келген тұлғалар оны тегін, заңнамаға сәйкес мақсаттарда бірнеше рет қолдана алады.

– Барлық ақпарат бір жерге және ыңғайлы болатындай жиналады. Бұл БАҚ, бизнес өкілдеріне және азаматтарға мемлекеттік мәліметтер базасын кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Портал іске қосылды және қоғам үшін барынша пайдалы және тиімді болуы үшін жасалды. Көптеген орталық мемлекеттік органдар мен аймақтар өз мәліметтерін жариялап үлгерді. Мұнда ең маңызды және пайдалы мәліметтер жиналған. Ашық мәліметтердің ішінде – өзектендіру кезеңі, мерзімдері, дереккөздер, жауапты тұлғалар берілген. Алдағы уақытта тізім кеңейе түспек, – деді Ә. Сейдуманов.

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған жобаны бірауыздан мақұлдады.

Айта кетейік, бұдан басқа, отырыс барысында елордада сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламентіне енгізілетін өзгерістер бекітілді. Сонымен қатар, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша ұйымдарды аккредитациялау» регламенті мақұлданды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here