Домой Жаңалықтар Мәдениет Халықаралық шай фестивалі

Халықаралық шай фестивалі

Халықаралық шай фестивалі

Шай — бір ұлт өкілдерін ғана емес, ұлыстарды жақындастыратын ұлы сусын. Елорадамызда Кәріс және Түрік мәдени орталықтары мен Конфуций институты қатысқан халықаралық шай фестивалі өтті. Әртүрлі мәдениет тоғысқан бұл фестивальда қатысушы елдердің шай дәстүрі, мәдениті, өнері көрсетілді.

IMGP4857

IMGP4897

IMGP4929

IMG_2809

IMG_2816

Шай —  түрік халқы үшін сусын ғана емес мәні зор дәстүр, үлкен мәдениет. Түріктердің шай ішетін шыны стақаны армуду деп аталады. Оның пішіні қызғалдаққа ұқсайды. Ал шайдың түсі қызыл болады. Кәріс, қытай халықтарында шайды шамалы суытыңқырап ұсынса, түріктерде аз ғана мөлшерде құйып, ып-ыстық күйінде беру уәжіп. Ол біздің жүрегіміз ыстық, көңіліміздің нышаны деп түсіндіріледі екен. Шайға қасық салып әдейі сылдырлатып әкеліп, ұсынады. Ол мерекелік көңіл-күй мен ықыласты білдіреді.

«Бүгінгі фестивальге арнайы Түркияның Ризе деген қаласынан қара шай алып келдік. Ол қоспасыз ішілетін, дәмі ащылау шай. Жалпы түрік халқы үшін шайдың мәні зор. Себебі алғашқы танысудың өзі шайдан басталады. Адамдар қарым-қатынасын жақындастыру үшін бір-бірін шайға шақырады. Танысудың алғашқы қадамы деп те айтуға болады. Түріктерде «таңғы ас дайын болды» демейді, «шай дайын болды» дейді. Жалпы түріктер дүниежүзі бойынша шайды ең көп ішетін халықтардың бірі.» дейді Түрік мәдени орталығының директоры Алмагүл Исина.

IMGP4778

Сондай-ақ симит деп аталатын ұлттық күнжітті домалақ тоқаштар ұсынылды.

IMG_2818

Кәріс мәдени орталығы «Инсамчха» деп аталатын адамшөп шайы және «ючжачха» деп аталатын цитрон шайларын ұсынды. Бұл шайлар емдік қасиетке бай екен. Соның бірі «тэчхучка»  деп аталатын жужубадан дайындалатын шай. Кәріс дәстүрлі медецинасында жужубаның түйіні суық тию және жүйке аурулары кезінде пайдаланылады. Сонымен қатар, ағзаны жылытып, ас қорту жүйесін қалыпқа келтіретін қасиеті бар.

Алғаш рет бұл фестиваль 2014 жылдың күзінде өткен болатын. Араға 1 жылдан астам уақыт салып екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан игі шара. Алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз дейді ұйымдастырушылар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here