Алакөл ауданында «Алакөл қанаты» көктемгі экофестивалі төртінші жыл ұйымдастырылып отыр. Бұл шара Алматы облысындағы ішкі туризмді дамытуға ықпал етеді. Осы фестивальға облыстық әкімдік екінші жыл қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Республикалық фестивальға 50 бердвочер қатысып, үш күн бойы құстардың 60-тан астам түрін көріп қана қоймай оларды камераға түсіріп те үлгерді. Бұл жолы қызықтаушылардың объективіне сирек кездесетін реликт шағаласы да ілінді.
Алакөл Жетісу табиғатының әсемдігі мен әртүрлілігін тағы бір паш етіп, құсқа қызығушылық білдіргендерді таңғалдырды.