1. Күніне 2 — 2,5 л су ішіңіз.
2. Таңғы ас алдында (20 минут бұрын) бір стақан суға бал немесе лимон салып ішіңіз.
3.Тамақтанар алдында жарты сағат бұрын міндетті түрде су ішіңіз, бірақ тамақпен қосып, су, шай ішпеңіз. Ауқаттанып болған соң, сусынға 40 минут өткен соң ғана рұқсат.
4. Күніне 4-5 рет тамақтаныңыз.
5. Кешкі ас ұйықтар алдынан 3 сағат бұрын болуы керек. Одан кейін тек су, көк шай, майлы емес айран ішуге болады.
6. Шайды қантсыз ішіңіз. Қантты қатты қалап тұрсаңыз, бал қосуға болады. Кофені тамақ рационыңыздан алып тастаңыз немесе қоспасыз ішіңіз, яғни қантсыз, сүтсіз, қаймақсыз.
7. Картопты аптасына екі рет қана жеуге рұқсат және ең бастысы суға немесе буға піскен күйде. Қуырылған картоп туралы мүлде ұмытыңыз.
8. Жүзім мен бананды арықтағыңыз келсе, тамақ рационыңыздан мүлдем алып тастағаныңыз жөн.
9. Аптасына бір-екі күн ораза ұстауды әдетке айналдырыңыз.
10. Егер 2 ай бойы салмақ өзгермесе, читинг жасауға болады. Читинг дегеніміз тек ұнайтын тағамдармен арықтау.
11. Спортты есте сақтаған жөн. Таңертең және кешке жаттығу жасаңыз. Стадионға барып жүгіруді қолға алыңыз. Спорт үшін ең тиімді уақыт 17.00-тен 20.00-ге дейін.
12. Таңғы асты тастамаңыз!
13. Түскі асқа сорпа тамақ ішіңіз. Қосымша салаттар, майлы емес ет, көкөніс, жеміс-жидек жеуге рұқсат.
14. Бестің шайына йогурт, салат, айран, ет, көкөністерді азық етуге болады.
15. Кешкі асқа жеңіл салат, ірімшік, сүзбе, йогурт, бұқтырылған көкөністерді пайдаланыңыз.
16. Жемістерді түске дейін жеген жөн.
17. Қуырылған, майға піскен, ұннан жасалған тамақты ұмытыңыз.
18. Салаттарды қаймақпен, табиғи йогуртпен араластыруға болады.
19. Жартылай фабрикаттар туралы ұмытыңыз: фастфуд, шемішке, тұздалған жаңғақтар, чипсыларға рұқсат жоқ. Тамаққа майонез қоспаңыз. Тәтті су мен шырынды, түрлі газдалған және энергетикалық сусындарды ішпеңіз.
20. Аздаған бөліктермен тамақтанып үйреніңіз.
21. Өзіңізге арнап кішкентай тостақ (тарелка) сатып алыңыз да тек сонымен тамақтуды әдетке айналдырыңыз. Алғашқы уақытта, шамамен жеті күндей, әрине, қиналасыз. Бірақ, содан кейін асқазан жиырылып, кішірейеді де, уақтылы тамақтануға үйренісіп кетеді.