Домой Жаңалықтар Қоғам «Әлем аспабы – 2016» фестивалінде алғаш рет қазақы нақыштағы әуендер шырқалады

«Әлем аспабы – 2016» фестивалінде алғаш рет қазақы нақыштағы әуендер шырқалады

«Әлем аспабы – 2016» фестивалінде алғаш рет қазақы нақыштағы әуендер шырқалады

«Әлем аспабы – 2016» фестивалінде алғаш рет қазақы нақыштағы әуендер шырқаладыМаусым айында Астана қаласында алғаш рет әскери оркестерлердің «Әлем аспабы – 2016» фестивалі өтеді. Әскери оркестрлердің халықаралық байқауы ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің аясында өтеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің музыканттары қазақы нақыштағы ұлттық әуездерге мән беріп, отандық сазгерлеріміздің танымал музыкалық шығармалары мен қазақтың халық әндерінен құралған попурри ұсынды.

Музыканттарымыз өнер көрсететін бағдарламада «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің репертуарынан қазақ әуендері тақырыбындағы попурри, қазақтың халық әні «Белес-белес», Б.Желдірбаевтің «Шабыт шыңында» атты шығармалары шырқалады.

Одан басқа, әр елдің әскери оркестрі 8 бен 10 минут аралығында созылатын дефиле ұсынады. Қазақстандық музыканттардың жаңа бағдарламасына оркестрдің әртістері ғана емес, сонымен бірге құрмет қарауылы ротасы, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің бишілері кіреді.

ШЫҰ мүше мемлекеттерінің әскери оркестрлері қатысатын фестивальдің гала-концерті 8 маусымда Астана Опера театрының алдында өтеді. ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери оркестрлерінің жанды дауыстағы орындау шеберліктерін барша қауым тыңдап, құлақ құрышын қандыра алады.

Алдыңғы «Әлем аспабы» фестивалі 2015 жылы Санкт-Петерборда өткенін естеріңізге сала кетейік.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here