Домой Жаңалықтар Мәдениет Астанада иттердің халықаралық көрмесі өтті

Астанада иттердің халықаралық көрмесі өтті

Астанада иттердің халықаралық көрмесі өтті

Елордамызда «Есіл арайы – 2016» атауымен иттердің халықаралық көрмесі өтті. Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен  400 астам ит қатысты.

Көрмеде 375 жуық түрлі тұқымдағы саққұлақтар болды. Олардың арасында дүниежүзі бойынша сирек кездесетін асыл тұқымды иттер де бар. Мысалы тибеттік мастиф пен брюссельдік гриффон және уиппет иттері. Сондай-ақ, CACIB (халықаралық чемпиондықтың үміткері. Белгілі бір тұқымға жататын үздік төбет пен қаншыққа берілетін сертификат) дәрежесі бойынша конкурс ұйымдастырылды. Польшаның «Молосс клубының» президенті Андрей Шуткевич пен Грузиядан келген халықаралық категориядағы сарапшы Георгий Щеголь төрешілік етті. Байқау талаптары бойынша иттердің жынысы, жасы, тұқымынан өзге сыртқы келбетіне, белсенділігі мен иесі екеуінің арасындағы байланысқа қарап бағалады. Конкурс 17 түрлі рет бойынша өткізілді.

«Мұндай көрмені жыл сайын бірнеше мәрте ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсаты: еліміздегі және әртүрлі мемлекеттегі төрт аяқтылардың иелері бас қосатын алаңға айналдыру, ынталандыру және ең үздік итті анықтау» дейді көрменің бас ұйымдастырушы Евгений Мечковский.

IMG_7096

IMG_7598

IMG_7612

IMG_7658

IMG_7681

IMG_7181

IMG_7688

IMG_7667

IMG_7119

Аталмыш көрме Халықаралық кинологтар федерациясы мен Қазақстан кинологтарының бірлестігі және «Арко и К» Кинология және Фелинология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Фотолар анималист, фотограф Алена Митрофановаға тиесілі. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here