WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) кезекті титулына ие болды.
Дүниежүзілік бокс кеңесі «Golden Boy Promotions»-тен Сауль Канело Альварестің орта салмақтағы WBC белдігінен бас тартқаны туралы ресми хабарлады.
«Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атанды. WBC Канелоға карьерасында сәттілік тілейді, болашақта Головкин-Альварес жекпе-жегін көруге ниеттіміз». — делінген ұйым қаулысында.
Г.Головкин бұған дейін WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы), IBO (Халықаралық бокс ұйымы) және IBF (Халықарылқ бокс федерациясы), ал, бүгін мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадиймен болатын жекпе-жектен бас тартып, WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) белдігін Головкинге берді.
Сөйтіп, Геннадий Головкин жекпе-жек өткізбей-ақ, WBC белбеуінің иегері атанды.
Кәсіпқой бокстағы тағы бір чемпиондық белбеуі WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) британиялық боксшы Билли Джо Сондерсте.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 24 сәуір күні өзінің 35-ші жекпе-жекгін өткізіп, америкалық боксшы Доминик Уэйдті 2 раундта нокаутпен жеңген болатын.