Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында кезекті премьера өтті.
Туындының авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанова. Ал режиссері аталмыш қойылымды сахналау үшін арнайы Қаллеки театрына шақыртылған – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі және бас режиссері — Гүлсина Мерғалиева. «Сарраны» – Ләйла Бекназар -Ханинга, Майра Омар және Сая Тоқманғалиева сомдады. Ажар бейнесін — Айнұр Бермұхамбетова, Гауһар Жүсіпова, Алтынгүл Серкебаева сахналады.
Сарра – ұрпақ үшін тәуекелге барып, өз махаббатын құрбан етеді. Спектакльде Сараның және Ажардың үш түрлі образы, мінезі көрсетіледі.