Көпшіліктің назарын өзіңе аударту үшін жай ғана олардан ерекшелену керек. Ерекшелікті ең алдымен сырт келбеттен бастаған дұрыс.
- Киім. Соңғы үлгіде немесе мүлдем трендтен тыс киініңіз. Киімнің түсін таңдағанда ашық түстерге акцент қойыңыз. Егер қыз болып жігіттің немесе керісінше, жігіт болып қыздың назарын аударғыңыз келсе, тартымдырақ киінген дұрыс.
- Бұйымдар. Ұлттық нақыштағы немесе мүлдем түсініксіздеу әшекей бұйымдар тағыңыз.
- Шаш үлгісі. Назар аудартудың ең оңай түрі – ерекше шаш үлігісі. Брақ, бұл аса маңызды да емес. Маңыздысы – сіздің шашыңыз киіміңізбен үйлесім тапса болғаны.
- Сырт келбет қана назарды аудартып қоймайды. Сіздің өзіңізді ұстау мәнеріңіз де жұртшылықтың көңілін бұра алады.
- Алайда, «Киіміңе қарап, қарсы алып, ақылыңызға қарап шығарып салады» деген сөзді де ұмытпаған жөн. Сыртыңызға назар аудартып алып, ақылыңызбен қашырып алып жүрмеңіз. Ол да маңызды.
Бағила Ағайдар