Ұл баланың тәрбиесіне қатысты психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:
- Ұлыңыз сізге іштегі сырын ақтарса, соңына дейін тыңдаңыз. «Басымды қатырмай, сабақ оқы» деп көңілін қалдырмаңыз. Жасөпірім шақта балаға қажеттісі – мейірім мен жылулық.
- Балаға әкесін қарсы қоймаңыз, «сенің әкең мынандай» деп айтушы болмаңыз. Қазіргі таңда осы жағдай белең алуда. Әкесін сыйламаған ұл ертеңгі күні сізді де, болашақ жарын да сыйламай өтеді.
- Дастархан басында ұлыңызға ұрсып, айғайлаушы болмаңыз. Ұлыңыз бір нәрсені дұрыс жасамаса, жеке отырып сөйлесіңіз. Дау шығарудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, тіпті мүмкін емес деген жағдайларды мейірімді жүрек қана жеңе алады.
- Жасөпірім шақта баланың мінез-құлықтары өзгереді. Сол кезеңде ұл балаға дұрыс көмек көрсетіп, ақыл қосыңыз. Ғашық болып жүрсе, сіз де өмірден түйгеніңізді айтып, кеңес беріңіз.
- Баланың бойында уайым мен қайғы бірге жүреді. Оның жүрегіндегіні сезіне біліңіз.
- Әкесі мен анасы бозбала шақта балаға дұрыс өнегелі тәрбие көрсетсе, ұл бала мейірімге қанық болып өседі. Ата-ана — баласы үшін қашанда үлгі.
- Мақтау сөздерді жиі айтып тұрыңыз. Тосын сыйлар да жасаңыз.
- Кіммен достасып жүр, кіммен сөйлесіп жүр, қандай әуен тыңдайды – бәріне көңіл бөліңіз.
- Балаңызды қатты қыспаққа алып, мазасын алмаңыз.
- Жақсы отбасында өскен ұл бала қай жағдайда болмасын, бәріне шыдай білетін ер жүрек, батыл болып өседі.
- Спортқа қызықса, спорт үйірмелеріне қатыстырыңыз. Неге қызығатынын байқаңыз.
- Әке тәрбиесі – балаға қашанда сын, әкесін сыйлаған ұл жат бауыр болмайды.