Домой Жаңалықтар Спорт Ауыр атлеттер – жарыс алаңында

Ауыр атлеттер – жарыс алаңында

Ауыр атлеттер – жарыс алаңында

Ауыр атлеттер – жарыс алаңындаТалдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды. Жарыстың салтанатты ашылуына Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының директоры Қайыргелді Жанпейісов, ҚР Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Асқар Қапенов, ауыр атлетикадан ҚР бас бапкері Алексей Ни және ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы Тәпсір Меңдіхан қатысты.

Чемпионаттың ашылуында сөз сөйлеген облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев өз сөзінде:

— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиясында дене шынықтыру мен спорт — мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты — ұлт денсаулығының кілті болып саналады», — деп атап өтті.

Мемлекет қолдауының арқасында Жетісу жерінің спортшылары өңірдің атын төрткүл дүниеге танытып, мемлекетіміздің мәртебесін асыруда. Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, әлем чемпиондары Владимир Седов, Ибрагим Берсанов, Альберт Линдер, Зелимхан Әбубакаров, Карина Горичевалар — біздің мақтанышымыз. Бүгінгі жарыс жас спортшыларымыздың спортқа деген ынтасын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда зор ықпалға ие.

Құрметті жарысқа қатысушылар! Баршаңызға осы жарыста сәтті өнер көрсетулеріңізді тілеймін, — деді.

Осыдан кейін жарысқа арнайы келген құрметті қонақтар мен федерация мүшелері сөз сөйлеп, өз тараптарынан чемпионатта бағын сынап жатқан зілтемір көтеру шеберлеріне сәттілік тіледі.

Жарыстың салтанатты бөлімі аяқталысымен әйелдер арасындағы         48 және 53 келіге дейінгі салмақ дәрежелері бойынша зілтеміршілер бағы мен бабын сынауға кірісті. Алғашқы нәтижелер бойынша жетісулық Маргарита Елисеева қоссайыстың қорытындысы бойынша 200 келі салмақты бағындырып, 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here