Домой Видео Балалар мерекесі қалай өтті

Балалар мерекесі қалай өтті

Балалар мерекесі қалай өтті

Бөбектердің шат-шадыман күлкісі, шаттығы. Бұл — халықаралық балаларды қорғау күні. Осы көңілді мейрамға орай елордамыздағы жаңа алаңда мерекелік іс-шара өтті.

Жазғы лагерьдегі оқушыларға, қаланың кішкентай тұрғындары мен қонақтарына әкімшілік тарапынан сусындар, балмұздақ пен тәттілер таратылды. Технологиялық колледж, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледждерінің студенттері бүлдіршіндердің бетіне сурет салып, кішкентай ханшайымдардың шашын өріп, тырнағын бояп, мейрамның қызығын арттыра түсті. Өнер мектептерінің тәрбиеленушілері сахнада би билеп, ән шырқады. Иә, бұл ең жарқын думан. Әрдайым аспанымыз ашық болып, балалардың жүзінен күлкі кетпесін.

Автор: Шырақ Байкенова

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here