Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысының 15 компаниясы 646 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болады

Алматы облысының 15 компаниясы 646 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болады

Алматы облысының 15 компаниясы 646 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болады

12271ba515313ee266ca0ff6fa9ad2f5-smallАлматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтың төрағалығымен 2016 жылғы 1 маусымда Алматы облысы әкімдігі жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста кәсіпкерлерден 645 млн. 890 мың 633 теңге сомасына келіп түскен 15 өтініш қарастырылды.

Мемлекеттік қолдауға «KZ Service» ЖШС, «Досбол-ТВ» ЖШС, «LST Market» ЖШС, «Когер ЛТД» ЖШС, «Қаскелең автобус паркі» ЖШС, «ЮЗКА» ЖШС, «Құмар Серік» ЖК, «Мади» ШҚ сынды кәсіпкерлер ие болды. Несиелік қаражаттар айналымдағы қаржыны толықтыруға, инвестицияларға, құрылысқа және ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бөлінеді. Барлық жобалар бойынша жеңілдетілген сыйақы мөлшері, субсидиялар қарастырылған, ал қажетті несие сомасын алуға кепілдік қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған несие алушылар үшін «Даму» қорының кепілдігі рәсімделеді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдаудың аясын кеңейту үстінде. Бүгінгі таңда, өтініш берген өнеркәсіптердің қатарында, сауда мен ауылшаруашылығынан өзге, өз қызметін іріктелген материалдарды пайдаға жарату, теміржол жүк көлігі, кабельді телевидение мен ғаламтор қызметін ұсыну, азық түлікке қатысты жартылай дайын өнім шығару, тоқыма өндірісі, мектепке дейінгі білім беру және басқа да көптеген салаларда жұмыс жүргізіп отырғандары да бар.

Мысалы, «Ешниязова» ЖК көрпе, жастық, матрас шығарумен айналысады және «Даму» қорының қаржылай көмегімен кәсіпкер өз өнімдерін жақын шетелге шығаруды және мемлекеттік сапа сертификатын алуды жоспарлап отыр.

Сондай ақ, аталған отырыста кабельді телевидение мен ғаламтор қызметін ұсыну үшін мемлекеттік қолдау арқылы жаңа жабдықтар алу және негізгі құралдарды жаңалауды жоспарлап отырған «Досбол-ТВ» ЖШС жобасы мақұлданды. Жақын болашақта, Текелі сияқты моноқалада телевиденияның сапасы мен оған деген қолжетімділік жақсарып, ғаламтордың жылдамдығы айтарлықтай арта түседі.

2016 жылдың басынан бері бұл Аймақтық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы. Бұл, «Бизнестің жол картасы 2020» өзінің миссиясын аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жалғастырып келеді дегенді білдіреді. Кәсіпкерлерге өз кәсібін дамыту үшін көптеген қызмет көрсетілді және бизнес-жобаларды қаржыландырудан өзге, «Даму» қоры жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлік әлеуетті арттыру үшін мамандар белсенді жұмыс атқаруда.

damu.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here