Астана қаласында «Мемлекеттік рәміздер күнін» тойлау аясында «Менің Қазақстаным!» атты ірі көлемді патриоттық акция өтті.
Акцияның мақсаттары – қазақстандық патриотизмды қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді әйгілеу, ұлт бірлігін нығайту.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде бастау алды. Қазақстан әнұраны әуенімен мемлекеттік штандарттар – мемлекеттік елтаңба мен ту шығарылды.
Іс-шара барысында мерекелік автожарысқа старт беріліп, оның қатысушылары қала көшелерімен жүріп өтті. Сонымен қатар, қозғалыстың ең жақсы белсенділерін «Жас Ұлан» қатарларына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Бұдан кейінгі уақытта олар өзінің жолдастары мен өскелең ұрпаққа үлгі болуға міндеттенді.
Іс-шараға 2500-ден аса адам қатысты: ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясының жетекшілері мен өкілдері, белгілі қоғамдық-саяси қайраткерлер, жастардың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Астана қаласының студент және мектеп жастары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, БАҚ өкілдері.
Іс-шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін мерекелеу салтанаты орталық саябақта жалғасты. Жастар флешмоб ұйымдастырды. Қазақ эстрада жұлдыздары Серік Ибрагимов, Маржан Арапбаева, «Формат» тобы және Құрмаш Маханов қатысқан мерекелік концерт көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласының жастар саясаты мәселелері бойынша Басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты.