
2016 жылдың 5 маусымында «Жас қанат» МҮ маңайдағы аула балалары мен жасөспірімдері үшін «Ашық есік күндері» іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты — AULACLUB жаңа брендінің астына барлық аула клубтарының ребрендингі.
Аула клубтары дегеніміз тегін үйірмелер мен спорттық секциялар. Қазір Астанада 30-дан астам аула клубтары жұмыс істейді.
«Жас Қанат» — өзінің жаңартылған фирмалық стилі, стилистикасы, жаңадан безендірілген бөлмесі, қатысу есебін жүргізетін онлайн-бағдарламасы бар, жаңа секциялар мен бағыттар бойынша жұмыс жасайтын тұңғыш клубтардың бірі болмақ.
Мерекелік іс-шарада көңілді бастамалар, би, вокалды нөмірлер өткізілді. Футбол, театр өнері, актерлік өнер, үстел теннисі, скаутинг сияқты жаңа секциялар ашылмақ. Аталмыш жоба аясында барлық сабақтар тегін жүргізіледі деп күтілуде.