
Алматы облысында осы аптада аптап ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 1 дауылды ескертпесі негізінде тұрғындарға ескертеді: Алматы облысында алдағы 8-9 маусым аралығында 31-36 градус деңгейінде қатты ыстық болады деп күтіледі», — делінген хабарламада.