Талдықорған қаласының жаңадан салынып жатқан шағын ауданында 320 орындық заманауи балабақшаның құрылысы аяқталды.
Бұл жоба «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі арқылы жүзеге асырылуда.
Кәсіпкер Ләйлә Алиманова мұның инновациялық балабақша болатынын айтады. Сондықтан кадр таңдау ісіне ерекше мән бермекші. Бүлдіршіндердің рухани дамуына, денсаулығын шыңдауға барлық жағдайлар жасалмақ.
Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары аяқталды, тек ішкі сырлау-әрлеу жұмыстары ғана қалған. «Гүлім және Компания» ЖШС нысанды белгіленген мерзімде өткізуді жоспарлап отыр. Яғни, бір айдан кейін жаңа балабақша өзінің алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдайды.