Қазір Алматы облысының спортшылары 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындарына дайындалып, оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық лицензиялық турнирлерге қатысуда.
Бүгінде 10 лицензияға (ауыр атлетика бойынша Владимир Седов, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Майя Манеза, жеңіл атлетика бойынша Гүлжанат Жанатбек, Иван Иванов, садақ ату бойынша Сұлтан Дүзелбаев, грек-рим күресі бойынша Нұрмахан Тыңәлиев, еркін күрес бойынша Аслан Кахидзе, бокс бойынша Жәнібек Әлімханұлы) қол жеткізді. Бұл туралы Талдықорғандағы журналистер үйіндегі аймақтық ОКҚ алаңында белгілі болды.
2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадаға қатысу мүмкіндігіне пауэрлифтинг бойынша облыс спортшылары Раушан Қойшыбаева мен Гүлбану Әбдіхалықова ие болды.