Домой Жаңалықтар Қоғам Қазақстандық бизнесмендер Шымкент қаласының инвестициялық потенциалын бағалады

Қазақстандық бизнесмендер Шымкент қаласының инвестициялық потенциалын бағалады

0
Қазақстандық бизнесмендер Шымкент қаласының инвестициялық потенциалын бағалады

image001

«Rixos Khadisha Shymkent» отелінде Қазақстанның әр аймақтарынан келген бизнесмендер қала әкімдігінің қолдауымен өткен «Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі» атты конференцияда аймақ пен облыс орталығының инвестициялық потенциалын талқылады.

image002

Осындай бизнес кездесулер ұйымдастыру туралы бастаманы «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жетістікке жеткен бизнесмендер мен әр түрлі бизнес-құрылымдардың басшылары бірігіп көтерген болатын. Шымкент қаласында алғаш өтіп отырған осы бизнес-конференцияға қатысушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда және Қарағанды қалаларынан келді.

image003
«Өзінің жұмыс сапарларында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаланың даму потенциалын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Кезекті бір сапарында Елбасы: «Адамға өмір бір рет беріледі, оны Шымкентте сүру керек» деген болатын. Сондықтан да қала әкімшілігінің негізгі мақсаттарының бірі – потенциалды инвесторларға жағымды жағдайлар жасау, оларды қаланың даму жобаларына көптеп тарту болып табылады»,- дейді қала әкімі Габидулла Абдрахимов.

image004

Бизнес-конференция қонақтары әуежайдан күтіп алынды. Қонақтар банкетте болып, және қонақүйде демалғаннан кейін, оларды қаламен таныстыру мақсатында бірден туристік автобуспен шолу экскурсиясына аттанды. Олар қаланың белсенді даму қарқындарын бағалап, индустриалді аймақтары және инфраструктураларымен жан-жақты танысып шықты.

image005
Бұл күндері Шымкент қаласында ауқымды мәдени шаралар өтіп жатыр еді. Орталық паркте делегаттар «Shymkent Art Days 2016» арт-фестивалінің үстінен түсті.

image006
Фестиваль барысында қала бірнеше күнге ашық рухани құндылықтар алаңына айналған болатын. Суретшілер, дизайнерлер және кез келген қала тұрғындары қазіргі өмірде болып жатқан оқиғаларға өз көзқарастарын білдіріп, фестивальда өз туындыларын көрсетіп жатты.

image007
Сонымен қоса, қала тұрғындары жалпы жүгіру марафонын өткізген болатын. Жарысқа бес мыңнан астам адам қатысып, олар бес километрден астам қашықтыққа жүгірді. Жарыс соңында қала әкімі Габидулла Абдрахимов марафон жеңімпаздарын марапаттап, артынан би флешмобтары мен тай-боксы бойынша мастер-класс өткізілді.

image008
Осылайша, көпшілік мәдени және спорттық шараларға қатысу арқасында шымкенттіктер өздерінің жан-жақты дамып жатқан халық екендігін тағы да дәлелдей білді.

image009
Бұл күндері қалада халықаралық «Ontustik Invest-2016» инвестициялық форумы да өз жұмысын бастаған болатын. Делегаттар оңтүстік қазақстандық тауар өндірушілер көрмесіне қатысып, шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, мемлекеттік және дипломатиялық миссия өкілдерімен тілдесті.

image010
Мегаполистің даму мүмкіндіктері мен көлемін анықтағаннан кейін, делегаттар бизнес-кездесуге аттанып, сол жерде қаланың мәдени ошақтары мен инфраструктурасын дамытуға арналған өздерінің жобаларын ұсынды. Конференция барысында бизнесмендер ғимараттардың энергия тиімділіктерін жақсартатын, электрондық коммерция сияқты жобаларды, және де Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіншіліктеріне жасалған сараптаманы талқылады. Бұл конференцияда Шымкент қаласының әкімдігі де жобаларға өз қызығушылығын танытып, оларды әрі дамытуға ат салысатындығын айтты.

image011
Бизнес-конференциядан кейін қонақтар Шымкент қаласының танымал туристік зоналарының бірі «Eco Village Kaskasu» пансионатына жол тартты. Экологиялық қалашыққа сапар шегу – қонақтар үшін бейресми түрде өзара емін-еркін араласып, шырайлы Шымкенттің таза ауасымен дем алып, сұлу табиғатын аралап, тамашалауға мүмкіншілік берді.

image012
Бұл кездесудің есте қаларлық оқиғасы ретінде Қазақстанның ірі мегаполистерінің бірін тұрақты түрде дамытуға және жетілдіруге жағдай туғызатын Шымкент Экономикалық форумын (ШЭФ) жыл сайын 13-мамырда осы қалада атап өту туралы әкімнің ұсынысын айтуға болады. ШЭФ құру барысында Габидулла Абдрахимов конференцияның барлық делегаттарына осы құрылымның акционерлері болуға, және де соған қатысты басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшелері мен төрағасын сайлау сияқты процедураларды өткізу керектігі туралы ұсыныс тастады.

Шымкент өмірінде болып жатқан осындай кең ауқымды, маңызы аса зор оқиғалар әлеуметтік желілерде де ескерусіз қалмады. Конференцияға қатысушылар осы бизнес-сапар туралы өз қуаныш сезімдерімен әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатты.

unspecified
Ескерте кетсек, биыл Шымкент қаласының инженер-коммуникациялық жүйелерін дамытуға бюджеттен 1,9 миллиард тенге бөлінген болатын, ал инвестиция көлемі 274,6 миллиард теңгені, оның ішінде жеке меншік инвестиция 172,3 миллиард теңгені құрады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here