Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскихтың жастармен кездесуі өтті. Ең жас депутат өз өмірі туралы баяндап, атқарып жатқан еңбектері мен алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді. Қарапайым машинист көмекшісінің халық қалаулысы атағына қалайша қол жеткізгені жастар үшін қызық болды.
Аталмыш кездесуді Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырды.