Қазақстанда AWARD.KZ интернет байқауы өтеді. Онда елдегі үздік сайттарды анықталады.
Биыл байқауға ұйымдастырушылар комитеті біраз өзгеріс енгізді.
«Біздің мақсатымыз — Қазақстанның ғаламтор желісіндегі үздік ресурстарды анықтау. Әр саладағы сайттардың ерекшелігіне қарай бағалау жүреді. Мәселен БАҚ болса, контент пен сайтқа кіргендер саны, интернет-сервис сайттарының технолиясына баса мән беріледі.
Сондай-ақ, сайттардың жүктелу жылдамдығы мен іздеу фнукциясының жұмыс істеуін бақылайтын автоматты бағалау жүйесі қосылады. Осыған байланысты жалпыға қол жетімді рейтинг жасалады», — деді AWARD.KZ ұйымдастыру комитетінің мүшесі Софья Носкова.
Сондай-ақ, оның айтуынша байқауға, «Telegram қосымшасындағы үздік бот» және блогерлер арасында сайыс қосылды.
Байқауға өтінімдерді қабылдау қыркүйек айына дейін жалғасады.