Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Әлиұлы Алпысбаев облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөзі хабарлады.
Рустам Әлиұлы бұл қызметтен бұрын облыстың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы болатын. Осы қызметте жүріп, өзінің бар білігін дүйім жұртқа көрсете білді.
Рустам Алпысбаевты республика жұртшылығына таныстырған ісі — Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген «Орбұлақ» шайқасының театрландырылған көрінісін ұйымдастыруы болатын.
Жас болса да, білімі мен білігін паш еткен Рустам Әлиұлына жаңа қызметте табыс тілейміз.
«Жігер. Абырой. Сана» Қоғамдық қоры әкімшілігі