Домой Жаңалықтар Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмейді

Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмейді

Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмейді

Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмейдіАстана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ұсыну жоспарланбаған. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен арнайы брифингте Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркенов мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда елордада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне сұраныс қаланы дамытудың бас жоспарының жобалық қуатынан 7 есеге артық болып отыр. Бас жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін елорда аумағында қазіргі жеке тұрғын үйлер салынған аудандарды есепке алғанда, қаланың жер учаскелерін беру бойынша нақты мүмкіндігі шамамен 15 мың жер учаскесін құрайды.

— Қазіргі кезде Астанада 103 мыңнан астам адам жерге кезекте тұр. Өтініштер ҚР Үкіметімен бекітілген ережелер бойынша 2006 жылдың тамыз айынан бастап қабылдануда, онда дайын учаскелер беріледі делінген, яғни, инженерлік желілермен қамтамасыз етілген. Бүгінде Астанада ондай дайын алаңдар жоқ, сондықтан біз ешкімге де жер бере алмаймыз. 2007 жылы ҰОС ардагерлеріне, мүгедектеріне, олардың жесірлеріне және оларға теңестірілген басқа санаттарға, жеңілдікті санаттағы азаматтарға 1120 жер учаскесі берілді. Содан бері ешкімге де жер берілген емес,- деді Төлеуғазы Нұркенов брифинг барысында.

Айта кетейік, Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін ұсыну ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015ж. №255 бұйрығымен (ҚР Үкіметінің 01.08.2006ж. №726 қаулысымен бекітілген) бекiтілген Ережемен регламенттеледі.

Осы Ереженің нормаларына сәйкес, өтініш берген кезде бөлінетін дайын алаңдар болмаған жағдайда, азаматтардың өтініштері келіп түсуіне қарай арнайы есепке қойылады. Өтініштер қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген жоғарыда аталған алаңдардың болуына қарай қанағаттандырылады және қатаң кезектілік тәртібінде бөлінеді.

Ереженің нормалары Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардан басқа, азаматтардың барлық санаттары үшін бірдей болып табылады.

Бұдан басқа, брифинг барысында Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша пәтерлер беру туралы sms-хабарлама тарату туралы мәселе көтерілді.

«Астана қаласының әкімдігі sms-хабарлама таратумен айналыспайды. Барлық ресми хабарландырулар әкімдіктің және қалалық басқармалардың ресми сайттарында жарияланады. Аталған бағдарлама туралы айтар болсақ, қазіргі кезде ол аяқталды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша өткен азаматтар пәтерлермен қамтамасыз етілді. Енді қалған 50 тұрғын үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа пәтерлерге қоныстанатын болады», — деді елордалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here