Елордада сәуір айының ортасында Astana Bike велопрокат маусымы басталды. Велосипедпен жол жүруге қызығушылық танытатын елордалықтар саны күн сайын артып келеді. Биыл жүйені пайдаланушылар саны 2998 құрады. Ал экологиялық көлік түрін ұнататындарға қолайлы болуы үшін жақында «7 Континент» бизнес орталығында Astana Bike карталарын сататын қосымша пункт ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Күн сайын «Мега Астана» сауда, ойын-сауық орталығында сағат 10:00 — 21:30 және «7 Континент» БО сағат 10.00-20.00 бір маусымға абонемент сатып алуға немесе балансты толықтыруға болады. Қазіргі кезде прокатты пайдаланған адамдар саны 114 мыңнан асып, 262 мың км жуық жол жүрілген.
Айта кетейік, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін онлайн-төлем жүйесі, мобильді банкинг (Halyk Bank) және Android және IOS негізінде әзірленген мобильді қосымша жұмыс істейді. Осылайша, пайдаланушылар, станциялар жүктемесін және орналасқан орнын қарай алады. Маусым басталғалы SMS арқылы прокатқа алудың 93 жағдайы тіркелген.
Қазіргі кезде Астанада 144 велостанция бар. Күйші Дина және Тәуелсіздік даңғылы қиылысында орналасқан станция көппәтерлі тұрғын үй кешеніне электр энергиясын тарту жұмыстарына байланысты алынып тасталды. Тұрғындардың шағымдануына байланысты «Нұрсая-2» тұрғын үй кешенінің жанындағы прокат та жұмыс істемейді. «Арай» паркінде велосипедтер көп пайдаланылмайды, сондықтан бекет жабылды. «Думан» қонақ үйі мен «Триумф Астаны» ТК жанындағы прокат техникалық себептерге абйланысты жойылды, «Astana Mall» СОО жанында да велосипедтер қойылмаған.
Еске салайық, прокат қызметін үнемді пайдалану үшін станциялар бір-біріне жақын орналасқан, олардың арасындағы қашықтық 300–500 метрді құрайды.