19 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» жобасы аясында «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы мен Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Есіловтың жастармен кездесуі өтті.
Шараның мақсаты – жастарда патриотизм сезімдері мен жауапты азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, оларға рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Шара аясында Өмірзақ Озғанбайұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру процессіндегі реформаларына тоқталды.«Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан» зерттеу жұмысының авторы, білім жүйесінің үлгісін құруға үлесін қосқан ғалым Өмірзақ Озғанбайұлы Парламент Сенатының бірінші шақырылым депутаты ретінде Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің қалыптасу үрдісінің куәгері болды. Студенттер танымал қонақтардың әңгімелерін қызыға тыңдап, сұрақтарын қойды.
Шара ұйымдастырушысы – Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты.