«Жастар» сарайында Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған жұмыс іздеген жүздеген елорда тұрғыны мен қонақтары келуде. Бұл биыл өткізіліп отырған бесінші жәрмеңке, және бұл жолы шара әйелдер мен жастарға арналған, себебі Жұмыспен қамту орталығына жүгінетіндердің 60% әйелдер.
Жалпы, осы жылы 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Қазіргі кезде төрт жәрмекенің қорытындысы бойынша 116 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Биыл Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқандардың тең жартысы әйелдер. Жыл басынан бері 2246 адам жұмысқа орналасқан, олардың 1086 әйел.
919 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, оның ішінде 620 әйелдер. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 397 адам жіберілді, оның ішінде 235-і әйелдер. Жастар практикасына 145 адам кіріскен болса, соның 221-і қыздар құрайды.
Қазіргі кезде қалалық Жұмыспен қамту орталығы 661 мамандық бойынша курстар ұйымдастыруда. Бүгінде Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасындағы жұмыс іздеуші әйелдерге арналған 1 322 бос орны бар.