Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 11 сәуір мен 13 мамыр аралығында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі өткізілді.
Көрсетілген кезеңде қабылданған құжаттардың жалпы саны — 276, олардың ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қабылдағаны — 168, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 47, «электронды үкімет» порталы арқылы- 61. Бұл ретте академиялық оқуға 215 үміткер, тағылымдамаға 61 үміткер тіркелген.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде өткізілетіндігін еске саламыз: бірінші кезең — 11 сәуір — 13 мамыр; екінші кезең — 13 маусым — 29 шілде; үшінші кезең — 15 тамыз — 30 қыркүйек, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен.