64 мемлекеттен 300 астам спортшы қатысқан Астанада өткен әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өз деңгейінде өтті. Қазақстанның қоржынына төрт алтын салған боксшыларымыз ел үмітін ақтады.
48 келі салмақ дәрежесінде қолбақ түйістірген Назым Қызайбай қытайлық Янь Вангты жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. 54 келіде өнер көрсеткен Дина Жоламан болгариялық Стойка Петрованы 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал үшінші болып 69 келіге дейнігі салмақта күш сынасқан Валентина Хальзова қытайлық Гу Хонды жеңді. 81 келі салмақ дәрежесіндегі Ләззат Күнгейбаева АҚШ боксшысы Грин Шадасияны 3:0 есебімен жеңіп, елімізге төртінші алтын медаль сыйлады.
Боксшы қыздарымызға жанкүйерлердің қолдауы да мықты болды. Жүздеген адам бір толқындай. Эмоциялар, гуіл. Бұл видеода сол сәттерден үзінді көре аласыз. Сондай-ақ, Дина Жоламанның атасы Ғабдисәләм Жоламан мен анасы Зәуре Жоламанова өз әсерлерімен бөліседі.