Швейцариялық UBS банкі әлемнің ірі қалаларында апта ішіндегі орташа жұмыс сағаты мөлшерін санады.
The Telegraph жазуынша, ең аз жұмыс істейтіндер — париждықтар екен. Олардың орташа еңбек аптасы 30 сағатты құрайды.
Ең көп сағатпен жұмыс аптасы Гонконгта тіркелді. Бұл қалада адамдар орташа 50 сағат жұмыс істейді.
Ғалымдар 2045 жылы жер халқының жартысы жұмыссыз қалады деп болжайды. Өйткені бұл уақытта жоғары дамыған роботтар адамның барлық еңбек функциясын орындауға көшуі мүмкін.