Ойыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз:
- Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз.
- Таңды әдемі күлкіден бастаңыз.
- Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз.
- Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз.
- Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
- Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз.
- Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз.
- Таңертең күліп ояныңыз күні бойы сергек жүресіз.
- Табиғатты тамашалауға жиі шығып тұрыңыз.
- Уайымдаған сайын денсаулығыңызға да зиян келеді.
- Көңіл-күйіңізді көтеретін әуенді тыңдауға тырысыңыз.
- Кім соңғы рет сізге жақсы сөз айтты?
- Жақсы көретін адамыңыз болса айтыңыз.
- Қарсылық танытатын жандармен күресудің бір жолы үндемей құтылу ондай адамдармен санасудың қажеті жоқ.
- Күліп жүріңіз сізге күлген жарасады.
- Жаман ой мен біреуге жамандық ойламауға тырысыңыз. Біреуге атқан оғыңыз, өзіңізге келіп қайтады.
- Біреудің жасаған жамандығын, жақсылықпен қайтаруға тырысыңыз.
- Ой мен жүрек бір байланыста жүрекке неғұрлым жақсы дүниелерді ұялатсаңыз, ойыңызда жаныңызда тазарады.
- Азғындық пен ашуланшақтық денсаулықтың түбіне жетіп, адамды рухани азғындыққа апарады.
- Жүрегіңіз мейірімге,жаныңыз шуаққа бөленсін. Ойыңыз тек жақсылықтардан тұрсын.