Домой Жаңалықтар Қоғам 2016 жылы Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделуде

2016 жылы Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделуде

2016 жылы Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделуде

2016 жылы Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделуде2016 жылы Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделуде. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ербол Рысбаев мәлім етті.

«Біздің мақсатымыз — жастарға жұмысқа орналасуға мейлінше көп мүмкіндіктер ашу. Ресми деректер бойынша, Астанада 200 мыңнан астам жастар бар. Олардың ішінде 13 мыңнан астамы студенттер. Жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде болатыны анық, алайда Астана қаласының әкімдігі, «Астана жастары» мекемесі жасап келе жатқан жұмыстарының арқасында жұмыссыздықты төмендетуге қатысты қыруар істер атқарылды. 2014 жылы жұмыссыздық саны 6,3 пайыз болса, былтыр ол көрсеткіш — 5,8 пайыз деңгейінде тіркелді. 2016 жылы оның деңгейін 5 пайызға дейін түсіру көзделуде», — деп атап өтті ол «Астана жастары» КММ мен жұмыс беруші компаниялардың ақпараттық кездесуінде.

Кездесуге әкімдік пен жастардың ресурстық орталығымен қатар, оншақты елордалық компаниялардың өкілдері қатысты. Жиын соңында «Астана жастары» КММ мен жұмыс беруші компаниялар арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here