Бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді, оған ЕАЭО қатысушы-мемлекеттерінің басшылары қатысады.
ЕАЭО елдерінің көшбасшылары газ, мұнай және мұнай өнімдері орталық нарығын қалыптастыруды қоса алғанда, ықпалдастықты тереңдетудің перспективаларын талқылайды, шет елдермен және өңірлік ықпалдастық бірлестіктерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты пікір алмасады. Келіссөздер қорытындысымен ЕАЭО қызмет етуінің практикалық мәселелері бойынша бірқатар құжаттар қабылдау белгіленген.
Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин қатысады деп жоспарланып отыр.