Ақмол ауылында орналасқан Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті. 1930-1940 жылдары және 1950 жылдардың басында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын Еске алу қабырғасының жанына жүздеген адам, соның ішінде ел басшылығының, дін, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шара ел басшылығының, Астана қалалық мәслихаты депутаттарының, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарының және Қазақстан қоғамының атынан ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қаза тапқандар мен қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алудың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Қазақстанда сталиндік репрессия жылдары 11 арнайы лагерь құрылып, 2 млн. жуық адам қамалған. Түрлі халық өкілдері жер аударылды. ХХ ғасырдың басында Қазақстанға 5,6 млн адам қоныстандырылды. 1921-1954 жж. 3,7 млн адам сотталған, 640 мыңнан астам адам атылған, саяси мотивпен 103 мың адам қамалған, 25 мың адам ең жоғары жазаға кесілген, соның ішінде республика басшылығы да бар, сондай-ақ, қазақ зиялылары түгел жойылды.
Шараға Мәскеуден АЛЖИР тұтқыны Ксения Никольскаяның қызы Татьяна Никольская келді. Татьяна Ивановна АЛЖИРда туып, анасымен бірге 6 жыл тұрған. Оның егіз ағасы көз жұмған. Бүгін Татьяна Никольская әкесі мен анасының зиратына соңғы рет келіп отыр.
Шара соңында жиналған қауым АЛЖИР мұражайын аралады.