26 мамыр күні Алматы облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде және 27 мамырда Қапшағай қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының м.а. Б. Ікранбековтің қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіруге арналған семинар өткізілді.
Семинарға департаменттің және аумақтық басқармалардың және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасы өкілдері, қоғамдық бірлестіктер төрағалары белсене қатысып, БАҚ өкілдері шақырылды.
Семинар барысында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар талқыланды.