Жаздың алғашқы күні барша әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл мейрам 1949 жылдың қараша айында Парижде халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен бекітілді.
Халықаралық балаларды қорғау күні әр елде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, олардың барлығы қоғам назарын барша әлем бүлдіршіндерінің жағдайына аударуды мақсат тұтады.
1959 жылы БҰҰ Балалар құқығы туралы декларация қабылдады, құжатқа ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметті, үкіметтік емес ұйымдарды балалардың құқығы мен еркіндігін барынша сақтауға шақыратын баптар енген.
Қазақстан аталған құжатты 1994 жылы ратификациялады. Алайда декларацияның ешқандай міндетті күші болмағандықтан, балалардың құқығын қорғайтын басқа заң қабылдау қажеттілігі туындаған еді.
Айта кетейік, 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ 61 ел қол қойған Балалар құқығы туралы конвенция қабылдады.