Домой Жаңалықтар Қоғам Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін?

Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін?

Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін?

1f0b3124876945edcf3f9f7252a74f70Үй – адамның қорғаны. Өз үйіне кірген адам бірден бойы босап, тынығып, демалып, күш жинайды. Үйдің іші адамда қорғаныш пен тыныштық сезімін тудыру керек. Алайда, сіз үйге кіргенде тыным таппасаңыз, түрлі аурулар мазаласа, көңіліңіз тыншымай, сан түрлі ойға берілсеңіз, демек, сіздің үйіңіздің энергетикасы нашар болуы мүмкін.

 Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін?

Энергияны біз көзбен көрмесек те, оның барын жоққа шығара аламаймыз. Бөтен адамдардың арам ойлары, тіл-көздері, жаман ниеттері үйдің энергия тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Одан басқа жаңа қоныстанған үйдің бұрынғы иелері сол үйде қалай тұрып, не істегені де энергия ретіне сақталып қалады.

 Үйдің ішіндегі ұрыстар, дау-жанжалдар жиі болып тұрса, ол да энергетикаға әсер етпей қоймады. Аталмыш себептерден бұзылған энергетика адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етеді. Бұндайдан аулақ болу үшін, энергетика тепе-теңдігін сақтап, жаман энергетикадан құтылу керек.

Үй жинау

 Үйдің энергетикасын тазалаудың ең оңай түрі – үй жинау. Үй жинаған сайын, сіз шаң-тозаңмен бірге жаман энергетикадан да құтыласыз.

Жиһаздардың орнын ауыстыру

Энергия үнемі қозғалыста болатындықтан, оның жолында бөгет болмағаны жөн. Дұрыс орынға орналастырылмаған жиһаз энергия ағымына кедергі келтіреді. Қай жиһаздың дұрыс тұрмағанын анықтау үшін, өзіңіз бала сияқты барлық бөлмелерді аралап, жүгіріп өтіңіз. Сіздің қозғалысыңызға ең көп кедергі келтірген жиһазды басқа жерге орналастырған абзал.

Ескі нәрселерден құтылу

Біздің адамдардың керек, керек емес нәрселерді жинай беретін әдеті бар. Жылдар бойы сөрелерде шаң жинап жататын ескі киімдер, техника, альбомдар, кілемдер, ыдыстар, т.б. орын алып тұрғаннан басқа, ескі энергетиканы да сақтап тұр. Басқа сөзбен айтқанда, олар қолданыста болған кезде үйде болған бар жақсы-жаман оқиғалардың куәсі ретінде, сол естеліктерді бойына жинап қалады. Кейді біз ескі нәрсені көріп, түсініксіз сезімде болып қалатынымыз да сол себептен. Ерінбей бір күніңізді арнап, шынымен пайдаланатын нәрселерді ғана алып қойып, артықтың бәрінен құтылыңыз. Босаған сөрелерді сүртіп, әдемі нәрселермен безендіріп қойсаңыз, нұр үстіне нұр болады.

Үйді хош иістендіру

Дүкендерде үйге арналған дайын иістендіргіштер, хош иісті тұтанатын таяқшалар немесе бөлек сатылатын эфир майлары бар. Солардың көмегімен де үйдің энергетикасын тазалауға болады. Кейбір иістер адамға жағымды әсер етсе, кейбіреулері бас ауруын туғызуы мүмкін. Кейбір иістер (мысалы, цитрус) адамға сергек сезімін сыйласа, енді бір иістер (лаванда, бергамот) ұйықтатып тастауы мүмкін. Сондықтан, иіс таңдағанда мұқият болыңыз.

Адыраспанмен аластау

Адыраспан шөбінің емдік қасиеттері ғылыми дәлелденген. Оның түтіні де ауадағы көзге көрінбейтін зиян нәрселерді жояды. Сондықтан, адыраспан шөбін тұтатып, үйдің бөлмелерін оң жақтан сол жаққа жүріп тазалар шығуға болады.

Үй іші нұрға толы болсын!

anabol.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here