Алматы облысы Туризм басқармасы қызметінің басты бағыттарының бірі ЭКСПО-2017 халықаралық туристік көрмесіне қатысуға дайындық жұмысы болып табылады.
Бұл туралы облыста өңірлік ОКҚ брифингін өткізу барысында белгілі болды.
Атап айтқанда, «Астана-ЭКСПО» ҰК» АҚ екі облыстық туристік фирмамен, 5 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтармен ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды. Туристер келуге арналған нысандар тізбесі айқындалды. Барынша тартымды туристік нысандар (Алтынемел, «Іле Алатауы», «Көлсай көлдері», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи саябақтары аумағы бар) бойынша маршрут, техникалық карталар әзірленді.
«Облыстың туристік мүмкіндіктері Милан қаласында өткен ЭКСПО-2015 көрмесінде таныстырылды. 2016 жылы басылымға арналған жарнамалық-ақпараттық өнім әзірлеу жұмыстары жүргізілді.
«Сондай-ақ 2016 жылы көрмеге қатысушы елдердің ресми делегациясы үшін облыстың туристік аймақтарына экскурссия, Миландағы қазақстандық павильонға қатынаған миллиондаған келушілер үшін реалити-шоу түсірілімдерін өткізу жоспарлануда. Орналастыру және тамақтану нысандарының қызметкерлеріне тренинг-курстар сериясын өткізуді бастамақпыз. Қазір Талғар, Қарасай аудандарында 2 семинар өтті. 45-тен астам адам оқытылды», — деді туризм басқармасының басшысы.