Домой Жаңалықтар Өзгеруге дайынсың ба?

Өзгеруге дайынсың ба?

0
Өзгеруге дайынсың ба?

Өзгеруге дайынсың ба?Өз-өзін өзгерту тілегі әдетте өмірге не өзіне деген ризасыздықтан туындайды. Алайда, өзгеру — қиын үдеріс. Қоғамдағы қалыптасқан жағдайлар, әдеттер мен стереотиптер сізге өзгеруге мүмкіндік бермейді. Бірақ, дұрыс жолын, әдісін таба білсеңіз тілекті орындауға да болады.

Нұқсаулықтар:

  1. Егер өз-өзіңізді өзгерткіңіз келсе, «Мен неге өзгеруге тиіспін?» деген сұраққа жауап іздеуден бастаңыз. Өзгеруді қажет ететіндей сізде қандай мәселелер болуы мүмкін? Нақты нені өзгерткіңіз келеді? Өзіңзге болмысыңызда ұнайтын жақтарыңыз туралы тізім жасаңыз. Содан кейін, өзгеруі тиіс дүниелерді жазыңыз. Осы өзгерістерді жасау себебіңізді де жазып қойыңыз.
  2. Алдыңызға нақты мақсат қойыңыз. Мақсаттың бұлыңғырлығы сізге ойлаған нәтижеге қол жеткізуге кедергі жасайды. Егер, сізге сенімділік жетіспесе, нақты мақсат қойып алыңыз. Мәселен, өзіңізге енді бөгде адамдармен сөйлесуден ұялмаймын деп айтып алыңыз.
  3. Өзгерісті тура бүгіннен бастаңыз. Кейінге қалдырмаңыз, ешқашан іске аспай қалуы мүмкін.
  4. Комфорттық зонадан шығыңыз. Өзгеше ортада, сізге қолайсыздықты сездірген жерде болу, сізге жаңа идеялар алып келеді, сіз басқаша ойлана бастайсыз.
  5. Өз-өзіңізді өзгерту қиын. Ми анықтықты ұнатады. Ойыңызды өзгерту үшін, сізге үнемі мақсатыңызды еске салып, қайталап тұру қажет. Өз-өзіңізді жиі жігерлендіріңіз.
  6. Мақсатқа жету жолында реалист болыңыз, қазір болып қалар деген қиялы ойдан аулақ болыңыз. Бәрінен де, сізге кедергілер жиі жолығатын болады. Сіздің міндетіңіз – кедергілерге қарамай, алға жылжу. Шыдамды болыңыз, кішкентай болса да, нітижеге қуаныңыз. Олар сіздің дұрыс жолда екендігіңіздің дәлелі.

Өзіңізді 100 күнде толықтай өзгертіңіз!

Киімді, шаш үлгісін өзгертпес бұрын, кеңесшіге жүгінуді қажет етпейтін қарапайым заттардан-ақ бастаңыз.  Алдымен, өз дене-тұрқыңызға талдау жасаңыз. Денеңіздің ең тартымды жеріне басты акцент қойыңыз.

  • Ерніңіздің түсі, көлемі;
  • Күлкіңіз; (қалай әдемі, тартымды күлуге болатынын іздеп, өзгертіп көріңіз)
  • Арқаңыздың түзулігі.
  • Ым-ишараңызбен жұмыс жасаңыз. Сіз туралы ақпараттың 50 пайызын сіздің ым-ишараңыз-ақ білдіріп қояды екен.
  • Жүрісіңіз.

4 аптада осы дүниелерді өзгерту жолында бар күшіңізді салып, қызығушылықпен істер болсаңыз, сізде нәтиже пайда болады.

  • Шаш үлгіңізді өзгертіңіз. Ол ұзақ уақытты алуы мүмкін. Кәсіпқойлардың көмегіне жүгініңіз.
  • Стиль өзгерту де оңай дүние емес. Барлық дүкендерді аралап, көріп, шешім қабылдаңыз. Табиғатыңызға жақын,сізді шабытқа бөлей алатын киім киіп жүргеніңіз дұрыс.
  • Аяқ-киімді дұрыс таңдаңыз.

Егер адам бір іске 60 күн бойы дағдыланса, ол әдетке айналады. Осы дүниелерді шыдамдылықпен жасай алсаңыз, сіз өзгересіз! Өзгеріс барысында сізідң жан дүниеңіз жайлы да ойланыңыз. Оны тазартыңыз, жаңаша дүниелермен айналысыңыз. Және ұмытпаңыз, сіз өзіңіз үшін өзгересіз және өзіңіз үшін күш жұмсайсыз!

Автор: Бағила Ағайдар

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here